Алматыда метро вагонына жабысып алған блогер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 жастағы жігіт әлеуметтік желіде танымал болу үшін трюк жасап, оны камераға түсірген.
Биыл Алматы метросына 8 жыл. Мегаполис тұрғындары үшін қызмет ететін тұңғыш әрі жалғыз метрополитенге елдің сұранысы азаймақ емес. Керісінше, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрген жұрт 2011 жылы пайдалануға берілген қоғамдық көліктің қауіпсіздігі мен жылдамдығына тәнті. Ал биылғы мерекеде метрополитен қызметкерлері халыққа күтпеген сыйлық даярлапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қоғамдық орын боп саналатын метро станцияларында дәретхана мен қоқыс жәшіктерін таппайсыз. Оның да бір себептері бар. Бұл туралы Baribar.kz-ке Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі түсіндірді.
Алматы метросында қазақтың күйлері күмбірледі. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 18 өнерпазы бір уақытта жерасты вагонының ішін әуенге бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Күмбірлеген күй шаршаулы метро жолаушыларының көңілін бір серпілтіп тастады. Жұртшылық флешмобты жаппай суретке, видеоға түсіре бастады. Ұлттық киім киген күйшілер «Мұхтар Әуезов атындағы театр» бекетінен Райымбек бекетіне дейін келді.
Ұлт көшбасшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы халыққа арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы ел арасында әлi де талқыланып жатыр.
Бейсенбi күнi шаһарымызға Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң жауапты хатшысы Қасымбек Жеңiс Махмұтұлы арнайы ат басын тiреп, метрополитен кешенi қызметкерлерiмен жүздестi.