Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары

Мамандық таңдау, кейін еңбек ету саласын таңдау - адам өміріндегі ең басты мәселелердің бірі екендігі белгілі, сондықтан таңдаған кәсібі мен жұмыс бағдары өзіне ұнап, оның өмірлік ұстанымына айналуы әркім үшін аса маңызды.

21 тамыздан бастап жол ақысы 100 теңге болады

Құрметті жолаушылар!

Қаладағы қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы көтерілгендіктен, 21 тамыздан бастап Метрополитенде жүру ақысы төлем жасау тәсіліне қарамастан 100 теңге болатындығын хабарлаймыз. 

Алматы метрополитені жазғы жұмыс кестесіне ауысады

Құрметті алматылықтар!

Жыл сайын жаз уақытында жолаушылар санының азабына байланысты Алматы метрополтенінде электрпойыздардың жазғы қозғалыс кестесі енгізіледі. 2023 жылғы 5 маусымнан бастап электрпойыздар жұмыс күндері 7 минут 45 секунд – 12 минут 24 секунд интервалмен, ал демалыс және мереке күндері 12 минут 24 секунд – 15 минут 30 секунд интервалмен жүретін болады.

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

2023 жылдың 10 наурызында Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының мамандары мен Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК мамандары бірлесіп Алматы қ. әкімдігінің ШЖҚ «Метрополитен» КМК басшылар мен қызметкерлері арасында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Алматы метрополитен желісіне қосымша жылжымалы құрам шығарылады

Жолаушылар ағымының ұлғаюына байланысты және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2023 жылғы 13 ақпаннан бастап Алматы қаласының метрополитенінде қосымша жылжымалы құрам желіге шығарылады. 

Осылайша, метро желісінде 10 құрам қызмет көрсететін болады. Жаңа құрамды енгізу есебінен электр жылжымалы құрам қозғалысының аралығы қарбалас уақытта 6 минут 12 секундке дейін қысқартылатын болады. Электржылжымалы құрамның онлайн режимдегі қозғалыс кестесімен жолаушылар «Алматы қ. Метрополитені» қосымшасында таныса алады.

Алматы метрополитеніне 11 жыл

2011 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстандағы алғашқы және жалғыз метрополитен ашылды. Сол кезден бері метроның жұмысы тоқтаған емес.

Алдымен «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М.Әуезов атындағы драма театры» және «Алатау» станциялары іске қосылды.

2015 жылы батыс бағытта тағы да екі станция ашылды - «Сайран» және  «Мәскеу».  

2022 жылғы мамырда «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» станциялары іске қосылып, енді метро желісі қала орталығын шеткі аудандармен байланыстыратын болды. Осылайша, метро желісінің ұзындығы 13,4 шақырымды құрады. 

Страницы

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023