Метрополитенде тактикалық арнайы оқу -жаттығулары өтті.

Алматы қаласы метрополитенінің "Сайран" бекетінде 10-нан 11-ші желтоқсанған қараған түні жер сілкіну салдарларын жою бойынша тактикалық-техникалық жаттығулар өтті. Бұл жөнінде метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаттығулардың аңызы бойынша 10 желтоқсанда 23 сағат 55 минутта Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 км жерде 9,5 баллдық шартты жер сілкінісі тіркелді. Қалада жер сілкінісі 9,0 балдық күшпен сезілді. Ең үлкен қирау Сайран бекетінде болды.

«Метрополитен» КМК күзгі комиссиялық тексеруден өтті.

Тексеру шеңберінде апта сайын комиссия түнде шығып, барлық инфрақұрылым объектілерін, ал бұл қызметтік-техникалық үй-жайларды, туннельдерді қарап тексереді, жолдарға, жабдықтар мен механизмдерге қарап тексеру жүргізіледі.

Метрода 5 теңгемен жүру акциясын 31 наурызға дейін ұзартты

Mastercard картасымен, Samsung Pay сервисі арқылы жол ақысын төлей отырып, Сіз бар-жоғы 5 теңгемен жол жүру мүмкіндігін аласыз.

«Samsung Pay сервисі арқылы Mastercard картасымен, телефон, ақылды сағат және с.с. мобильді құрылғылардың көмегімен контактісіз төлем жасаған кезде метрода 5 теңгемен жол жүру» промо-акциясы.

АЛМАТЫ МЕТРОСЫНДА КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

 Метрода ылғалды тазарту және дезинфекциялау әр үш сағат сайын жүргізіледі, эскалатордың тұтқаларына, сүйеніштеріне, есік тұтқаларына ерекше назар аударылады. Вагондар әр рейстен кейін дезинфекцияланады. Өңдеу үшін вирусқа қарсы белсенділігі жоғары заттар қолданылады.

Дезинфекция кезінде лифт кабиналарына ерекше назар аударылады, мұнда әр үш сағат сайын еден жабындары, қабырғалар, батырмалар мен басқару панельдері арнайы заттармен жуылады.

Алматы қаласы метрополитенінде «Biz birgemiz» көрмесі ашылды.

2020 жылдың 4 қарашасында Алматы қаласы метрополитенінің «Мәскеу» бекетінде «Biz birgemiz» көрмесі ашылды. «Еріктілер жылы» аясында «Jas otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалы метрода әлеуметтік фотосуреттерді көрсетуді ұйымдастырды.

Көрмеде Сovid-19 жаhандық пандемиясымен күреске қатысқан еріктілер ұйымдарының фотосуреттері ұсынылған. Фотокөрме 7 қарашаға дейін жалғасады.

Іс-шараның мақсаты дүниежүзілік пандемия кезінде өздерін белсенді көрсеткен барлық еріктілер мен еріктілер ұйымдарына алғыс білдіру болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ»

Алматы қаласы «Метрополитен» КМК –де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу бойынша online-кеңес өтті.

Метрополитен бекеттерінде Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында «Алматы ынтымақтастық» көрмесі өтеді

Алматылықтар қала метрополитенінің эскалаторлық лайтбокстарында ақ халатты батырларды көре алады.

Алматы қаласының әкімдігі пандемия кезінде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болған дәрігерлердің еңбегі мен ерлігіне деген алғыс пен құрмет белгісі ретінде «Алматы ынтымақтастық» көрмесін ұйымдастырды.

Көрме Қала күнін мерекелеу аясында өтеді. Онда қиын кезеңдерде азаматтардың денсаулығы үшін күрескендердің бір бөлігі ғана көрсетілген.

Страницы

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021