Бауыржан Момышұлы көшесі мен Абай даңғылының қиылысындағы инженерлік желілердің авариялық жағдайымен байланысты ШЖҚ «Алматы-Су» МКК суқұбыры трассасын төсеу бойынша қосымша жұмыс көлемін орындау қажеттігі туралы хабардар етті, бұл өз кезегінде осы объектідегі құрылыс мерзімі 2019 жылдың 13 қыркүйегіне дейін созылуын талап етеді.
Ұлы Абай мұрасын елімізде кеңінен насихаттау мақсатында, Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Алматы қаласы Метрополитені шетте қалмады, жастар іс-шаралары және тәрбиелік акциялар өткізді.
Алматы метрополитенінің «Жібек жолы» және «Абай» бекеттерінде жас таланттар оңтүстік астанамыздың тұрғындары мен қонақтарының дағдылы жұмыс күндерін өздерінің шығармашылықтары арқылы көріктендіріп жіберді. Жастар жылын тойлату аясында «ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық академиясы» финалистері қазақстандық бойз-бенд Mad Men тобымен бірлесіп Қазақстанда бірінші шығармашылық #ArtMobAlmaty өткізді.
«Бүгінгі күнде көтергішті пайдалану үшін метрополитеннің қызметкерін шақырту қажет. Жаңа бекеттерде лифтілер, еңісті көтергіштер платформаға дейін былай жасалатын болады, халықтың қауқары аз тобы, қарт адамдар және балалары бар арба сүйреткен жолаушылар кезекшінің көмегінсіз платформаға дейін өздері жете алатындай болады. Бұл ретте, орнатылған жабдық пен материалдар қауіпсіздік, ыңғайлылық және сапа саласында барлық халықаралық талаптарға жауап береді», - деп атап өтті «Метрополитен» КМК-нің директоры Ербол Әбілдинов.
«Метрополитен» КМК Алмалы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады, оларға естелік сыйлықтар, азық-түлік себеттерін беріп, жылы лебіздерін білдірді. Жеңіс жауынгерлерін олардың ерліктері үшін, ашық аспанымыз үшін, азат елде өмір сүріп, еңбек етіп жатқанымыз үшін құттықтады. Болашақта осындай кездесулер дәстүрге айналады деген сенімдеміз.