Сегіз пойызды жеткізуге келісімшартқа қол қойылды.

Алматы метросы үшін жолаушылар пойызын жеткізу бойынша «Метрополитен» КМК және «Hundai Rotem» компаниясы арасында өткен сәрсенбіде келісімге қол қойылды. Жалпы құны 71,3 млн. АҚШ доллары тұратын электрпойыздың 32 вагонын сатып алуға салатанатты қол қою іс-шарасы «Hundai Rotem» компаниясының президенті Ким Сынг Таканың, сондай-ақ Қазақстандағы Корея Республикасының бас консулы Джон Сын Миннің қатысуымен өтті.

САЙРАН БЕКЕТІНІҢ №3 КІРЕ-БЕРІСІ ЖАБЫҚ БОЛАДЫ

Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен байланысты 2018 жылдың 08 маусымынан 13 маусымына дейін Сайран бекетінің №3 кіре-берісі (Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысы) жабық болады.

САЙРАН БЕКЕТІНІҢ №4 КІРЕ-БЕРІСІ ЖАБЫҚ БОЛАДЫ

Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен байланысты 2018 жылдың 05 маусымынан 10 маусымына дейін Сайран бекетінің №4 кіре-берісі (Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысы) жабық болады.

1 МАУСЫМДА МЕТРОПОЛИТЕН БАЛАЛАРДЫҢ РЕКОРДТЫҚ САНЫН ТАСЫМАЛДАДЫ

1 маусымда метрополитен шамамен 3000 баланы тасымалдады, әдетте жай күндері кішкентай жолаушылардың орташа саны 800-ді құрайды.

15 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МЕЙРАМ ҚҰРМЕТІНЕ МЕТРОМЕН ТЕГІН ЖОЛ ЖҮРУДІ ҰСЫНАДЫ

2018 жылдың 01 маусымында «Метрополитен» КМК 15 жасқа дейінгі балалар үшін метромен тегін жол жүруді ұсынады. Бір жолғы акцияны Халықаралық балаларды қорғау күнімен орайластырды. Бұл күні сағат 06.20-дан 23.30-ға дейін балалар метромен тегін жол жүре алады.

01 маусымнан бастап Алматы метрополитені пойыздар қозғалысының жазғы кестесіне көшеді.

01 маусымнан бастап пойыздар қозғалысының интервалы 6.30-дан 9.20-ға дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін 10 минут, басқа уақытта және демалыс күндері электрпойыздарының қозғалыс интервалы 13 минутты құрайтынын хабарлаймыз.

SOS Балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін Алматы метрополитенінде экскурсия ұйымдастырылды

Алматы қаласының SOS Балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін Алматы метрополитенінде экскурсия ұйымдастырылды. Метро - Алматы қаласының көрікті жерлерінің бірі, жер асты «қамалы» сұлулығы мен архитектурасы қала тұрғындарын ғана емес, сонымен бірге туристерді де қуантады. Экскурсия барысында метрополитен қызметкерлері бейне бақылау камераларын және жеке тексерулерді тексеруге мүмкіндік беретін ішкі қауіпсіздік және басқару жүйесі туралы айтып берді.

Страницы

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021