Өткен жылға «Метрополитен» КМК жолаушыларды толық көлемде тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті. 2015 жылғы сәуірде «Сайран» және «Мәскеу» екі жаңа бекет іске қосылды. Метрополитен желісінің ұзындығы 11,3 км дейін созылды, бұл жолаушылар ағының көбеюіне оң әсерін тигізді.
Балалар суретінің көрмесінде әртүрлі тақырыптағы: жаңа жыл, туған жер табиғаты, натюрморттар және т.б. жұмыстар қойылды. Жас суретшілер жұмыстарында сюжет қарапайымдылығы мен ой еркіндігі балалардың әлемді өздерінше ұғынуымен үйлеседі.
Ұйымдастырушылар барлық келушілерді жас суретшілердің, олардың ішіндегі ең жасы 4-те, жұмыстарын көруге шақырады. Экспозиция 2016 ж. 28 қаңтарына дейін созылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасы жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құрметіне «АТФБанк» АҚ Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарына метрополитенде тегін жүру мүмкіндігін сыйлайды.
2015 жылғы 16 желтоқсанда жолаушылар күні бойы метрополитенде жол жүру жетондарын тегін алып, қажетінше жол жүре алады. Жолақысын әдетте смарт-карта арқылы төлейтін және осы күні тегін жол жүргісі келетін жолаушылар да кассадан жетон алуы керек.
Алматы, 2015 жылғы 11 желтоқсан – «Метрополитен» КМК, MasterCard халықаралық төлем жүйесі және «АТФБанк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Алматы қаласының Метрополитенінде MasterCard® инновациялық контактісіз төлем технологиясының іске қосылғаны жөнінде хабарлайды. Контактісіз ридерлер метрополитен стансаларындағы барлық вестибюльдердің жүк турникеттерінде орнатылған.
2015 ж. 13 қарашада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі жұмыс сапарымен «Метрополитен» КМК-ге келді.
Тамара Дүйсенова метро қызметкерлерімен кездесті, жаңа Еңбек Кодексінің нормаларын түсіндірді, азаматтық қызметшілердің төлем жүйесіндегі өзгерістер, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету жөнінде айтып өтті.