Бақытжан Бұқарбайдың кескіндеме жұмыстарының көрмесі

2015 жылдың 13 ақпаны күні сағат 12.00-де «Байқоңыр» стансасында Бақытжан Бұқарбайдың кескіндеме жұмыстарының көрмесінің ашылуы болады.

Суретшінің жұмыстарының тақырыбы тарихты, әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Өнертанушыл Ольга Фадееваның айтуы бойынша, «оның жұмыстарынан шын мәнінде дүние танымдығының таңғажайып адалдығы мен өмірге деген терең қызығушылығын көруге болады. Суретші өмір шындығын әдейі "міне, тұрмысымыз лас екен, қараңдар!" демейді,  әсерлемей, қиялсыз, көрсете біледі. Автор өз жұмыстарында заманының мәні мен мағынасын, оның идеялық тұрғылықтылығын сезініп, оған сын көзбен қарап, шынайылықты көрсете  алды».

Суретшінің арнайы білімі жоқ екенін және ол бейнелеу өнерін өз күшімен меңгергенін атап өту керек.

Бақытжан Бұқарбай 1987 жылы 27 наурызда дүниеге келген. 2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «саясаттану» мамандығы бойынша тамамдаған. Ғылыми-талдау орталықтары мен журналистика саласында қызмет еткен.

Алматы Метрополитенінде суретшінің майлы бояумен салынған жиырмаға жуық жұмысын көруге болады. Көрме «Байқоңыр» стансасында (Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында) 2015 жылдың 17 ақпанына дейін созылады.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022