Алматы метрополитені электрпойыз машинисінің жаңа тренажерінің тұсауын кесті

2016 жылғы 12 қаңтарда «Метрополитен» КМК-де жаңа программалық-техникалық кешен «Электрпойыз машинистінің тренажері» тұсаукесері өтті.

Осы жоба электрпойызды басқрудың және әртүрлі оқыс оқиғаларда (өрт, лаңкестік қауіп, пойыздың әртүрлі жүйесіндегі жұмыстағы ақаулар) әрекет ету тәжірибесін ала отырып, машинистердің білімдерін тестілеудің көп деңгейлі оқыту орталығы болып табылады.

Жаңа программалық-техникалық кешен үш негізгі бөліктен тұрады: машинист кабинасының көшірмесі, нұсқаушының автоматтандырылған жұмыс орны (НАЖО) және процедуралық тренажерлар.

Машинист кабинасының көшірмесі - бұл шынайыға максимал жақындатылған жағдайларда машинистің жұмыс тәжірибесін алу үшін құрылған толық масштабты көп функционалды тренажер. Бұдан басқа, ол авариялық және оқыс оқиғалар кезінде машинистің дайындығын және іс-әрекетінің реакциясы мен дұрыстығын бағалау үшін алғашқы оқыту процесінде қызмет істейді. Оқыту кабинасында машинист тоқтау және қозғалыс кезінде вагондардағы жағдайларды қадағалау мүмкіндігін, «бұрылыстарды сезіну», «бағыттардан» өту, пойызды жылдамдату және тежеу мүмкіндігін алады. Кабинада шұғыл тоқтату қызметінің имитациясы құрылған. Кешенде жол бейнесін имитациялаудың жоғары сапасы, дыбыс пен қозғалысты генерациялау жүйелері, пойыз жүйесіне кірулер және ақауларды логикалық

іздеу жүзеге асырылады.

      Жолды визуалдау үшін тренажер кабинасының алдында орнатылған иілген экран үш өлшемдік графика негізінде бейнелену үлкен болып көрсетіледі, ол машинистке тоннелдерде қозғалыс кезінде, бекеттер перрондарының бойы, тұйықтарда, депоның тармақ жолдарында және депода кең шолып қарауды ұсынуы тиіс. Артқы көріністі көре алатын айнаның орнына, тренажер кабинасында орнатылған монитор, бекеттердегі жолаушылардың кіруін және шығуын қадағалауды, оқыс және авариялық жағдайлардың туындауын машинистке имитациялайтын көрініс береді.

Нұсқаушының автоматтандырылған жұмыс орны (НАЖО) пойыз машинистерін тренажер пойыздарды қадағалауды, симуляторлар қозғалысының негізгі көрсеткіштеріне өзгерістер енгізуді, оқыс оқиғаларды моделдеуге және кластарда болып жатқандар жағдайларды бақылауды үйретуге мүмкіндік береді. НАЖО-ның көмегімен нұсқаушыда жазылған сценарий түрінде және шынайы уақыт режимінде, күтпеген және болжанбаған мән-жайларды қосу мүмкіндігі бар.  

Екі функционалдық процедуралық тренажер – виртуал пойыздардың бірнеше машинистері бір уақытта локомотивті басқаруды, білім алу мен авариялық және оқыс оқиғаларда реакция жасау мен дұрыс әрекет етуді игеруді үйренуге мүмкіндік беретін басқару пульттарының шынайы панельдерін  имитациялаумен машинистердің автоматтандырылған жұмыс орындары. Машинистің бір автоматтандырылған жұмыс орны: пойызды басқару пультының көшірмесін, мониторларды, пойызды басқару аспаптарының имитацияланатын жұмысын, кабинаның артқы жағындағы кеңістікті визуалдау мониторы бар компьютерді, лицензиялық және қолданбалы программалық қамтымды, машинист креслосын, пайдалану жөніндегі құжаттама жинағын қамтиды.

Тренажер-машинисті пайдалану:

1.       Жас машинистерді кәсіби дайындау және тәжірибелі машинистерді қайта дайындау мерзімдерін қысқартуға.

2.       Қысқа мерзімде машинистерді пойыздар жүргізудің қауіпсіз технологияларына оқытуға.

3.       Машинистердің кәсіби шеберлігін оқыс және авариялық жағдайларда әрекет етуге үйрету жолымен көтеруге.

4.       Пойызды жүргізуге машықтану бөлігінде машинистердің біліктілігін жан-жақты және объективті бағалауға мүмкіндік береді.

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019