«Метрополитеннің Көлік қауіпсіздігі қызметі 2016 жылғы бірінші тоқсанының жұмыстар қорытындысын шығарды»

2016 жылғы бірінші тоқсанда көлік қауіпсіздігі қызметі метрополитендегі ІІБ қызметкерлеріне алып жүруге тыйым салынған заттары бар 153 жолаушыны тапсырды. Осы кезеңге арнайы техникалық құралдар арқылы 530 мың жолаушы қарап тексерілді.

Қарап тексеру кезінде анықталған қауіпті заттардың ең үлкен саны (90% жуық) түйрегіш және кесетін қарулар санатына жатқызылады. Негізінде бұл жиналмалы және ас үйде қолданылатын пышақтар. Бұдан басқа балталар мен мачета анықталды.

«Қазіргі уақытта метрополитеннің көлік қауіпсіздігі қызметі күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Жүгі және қол жүгі бар барлық жолаушыларды металл іздегіш аркасынан өтуді сұраймыз. Сонымен бірге, қарап тексеру рентгендік- телевизия қондырғыларымен және ықшам металл іздегіштерімен жүргізіледі. Бұл іс-шаралардың барлығы Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңының шеңберінде қажетті болып табылатының естеріңізге саламыз. Осыған байланысты барлық алматылықтар мен қала қонақтарын тексеру іс-шараларына түсінушілікпен қарауларын сұраймыз», - деді көлік қауіпсіздігі қызметінің бастығы  Сайдығазы Орынбасаров.

Естеріңізге салсақ, «Метрополитен» КМК-нің көлік қауіпсіздігі қызметі 2014 жылғы қазанда құрылған. Қызметтің 113 қызметкері тәулік бойы бақылау жүргізуде. Қазіргі уақытта метрополитенде 29 қауіпсіздік жүйесі жұмыс істейді. Барлық бекеттер мен жылжымалы құрамдарда бейне тіркегіштер, кинологтар жұмыс істеуде.

    

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016