Н. Мұқанов: «Бес жыл ішінде біз үшін маңызды жобалардың бірқатары сәтті аяқталды».

2016 жылдың 07 желтоқсанында «Метрополитен» КМК-нің денешынықтыру-сауықтыру орталығында 5 жылдық мерейтойға орай метро қызметкерлерін кәсіпорын дамуына қосқан үлестері үшін салтанатты түрде марапаттау жүргізілді.

Мамандарға құрметті айырым белгілерін «Метрополитен» КМК-нің директоры Нұрлан Мұқанов ұсынды.

Өзінің ұжымға жасаған жолдауында кәсіпорын басшысы бес жыл ішінде метро қызметін шамамен 42 млн. адам пайдаланғандығын айтты. Жұмыс басталған сәттен бастап кірістің жалпы сомасы 3 млрд. астам теңгені құрады. 2015 жылдың сәуір айында «Сайран» және «Мәскеу» жаңа екі бекеті іске қосылды. Метрополитен желісінің ұзындығы 11,3 км дейін созылуы жолаушылар ағынының өсуіне оң әсер етті. 2011ж. 5,9 миллионнан астам жолаушы, ал ағымдағы жылы 10,7 миллионнан астам жолаушы тасымалданды. Осыған қарап, жолаушылар ағынының өсуі 81,5% құрағанын көріп отырмыз. Бүгінгі таңда метроны күнсайын шамамен 50 мыңдай адам пайдаланады. 

Сонымен бірге, бес жыл ішінде 1500-ден астам аз әрекетті жолаушыға қызмет көрсетілді. Метроның барлық бекеттеріне жанасу навигацияларын орнату жолымен зағип жандарды тасымалдау мәселесі шешілді. 

Метрополитен – өзінің клиенттеріне жолақысын төлеудің бірнеше альтернативалық жүйесін: «Онай» карталарын, жетондарды, банктік терминалдарды ұсынатын ҚР жалғыз қоғамдық көлік түрі. Бұдан басқа, өткен жылы жол ақысын контактісіз банк карталарымен төлеудің инновациялық жүйесі ендірілді. Халықаралық төлем технологиясын пайдалана отырып, осы жобаны жүзеге асырудың арқасында метрополитенмен жол жүру одан бетер жайлы бола түсті.

Метрополитеннің басты тапсырмасы – бұл қауіпсіздік. Пойыздардың үздіксіз қозғалысы заманауи автоматтандырылған жүйені қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде метрополитендегі қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейі жолаушыларды және жүкті тасымалдайтын көліктің басқа түрлерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары болып табылады. Алматы метрополитенінін пайдаланудың 5 жыл ішінде жолаушылармен бірде-бір авариялық немесе жарақат алу жағдайы болған жоқ.

Метрополитеннің алдына қойған тағы бір маңызды міндетінің бірі ол қоғамдық қауіпсіздікті және құқық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Былтырғы жылы «Метрополитен» КМК-де қызметкерлері тәуліктік бақылау жүргізетін көлік қауіпсіздік қызметі құрылды. Метрополитенде 29 қауіпсіздік жүйесі жұмыс істейді. Барлық бекеттерде және жылжымалы құрамдарда бейне бекіту жұмысы жүзеге асырылады және кинологтар жұмыс істейді. Бекет вестибюлдері барлық қажетті тексеру жабдықтарымен жабдықталған.

Алғаш рет 2015 жылы әскерилендірілген апаттан құтқару қызметі негізінде метроның жеке мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі құрылды. Ол бір жыл ішінде арнайы жұмыстарды атқаруға арналған барлық қажетті заттармен толықтай жасақталды.

Метрополитеннің күнделікті үздіксіз жұмысын кәсіпорын жұмыскерлері қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда «Метрополитен» КМК-де 1400 жуық адам қызмет етеді және жер асты көлігі қызметкерлеріне жағдай жасауға аса көңіл бөлінеді.

«Елбасының және қала басқармасының қолдауымен осы бес жыл ішінде бірқатар маңызды жобалардың сәтті іске асқанын айта кеткім келеді. Біз, сондай-ақ болашақта Алматы жолаушыларының амандығы мен жайлылығы үшін жаңа, перспективалық мәселелерді шешуді қолға алдық»,- деп атап өтті Н.Мұқанов.

 

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016