Құрметті жолаушылар!

Жолаушылар қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету және метрополитен объектілерін терроризмге қарсы қорғау мақсатында, радикалды ниеттелген элементтер мен экстремистік ұйымдар әрекеттерінің белсендірілу фонында метрополитен бекеттерінде рұқсат етілмеген заттарды заңсыз өткізуді болдырмау үшін жолаушылар мен олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажды қарап тексеру рәсімдері жүргізіледі.  

      Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып,  қарап тексеру рәсімдері қатаң түрде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Үкімет қаулысы шеңберінде жүзеге асырылады және жолаушылардың Конституциялық құқықтарын бұзбайды.

       Қарап тексеруден бас тартқан жолаушылар көлік инфрақұрылымының объектісіне кіргізілмейді.

      Жолаушылар үшін жайлы жағдайларды қамтамасыз ету және қарап тексеру аймағында жолаушылар ағыны тығыздығын азайту мақсатында пойыздар қозғалысының кестесі бар мобилдік қосымша жұмыс істейді. Жолаушылардан өз уақыттарын есептеп,  метрополитен бекеттеріне ертерек келулерін сұраймыз.

        Сіздің жүргізілетін қарап тексеру іс-шараларына түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016