Метрода жанасу навигациясы жобасын қарастырған кезде қоғамшылардың барлық тілектері есепке алынды

 

2017 жылы 02 наурызда «Тengrinews» интернет-ресурсы жаңалықтар тізбегінде «Қоғамшылар Алматы метросында зағип жандар үшін төселген төсеніштің жаман сапасына шағымданды» тақырыбына материал шықты.

2016 жылдың 02 желтоқсанында «Метрополитен» КМК-ге «Аржан» қоғамдық қорынан метродағы жанасу навигациясы туралы әлеуметтік ролик түсірілімін ұйымдастыру өтінішімен хат келіп түсті. Ұйымдастырушылардың сөздері бойынша бейнематериал ұтқырлығы төмен жолаушыларға метродағы жанасу төсеніштерін қалай пайдалану керектігі жөнінде ақпарат беруі тиіс. Бірақ факті бойынша, әлеуметтік ролик берілген тақырыпқа сәйкес келмей және оның мазмұны метродағы жанасу навигациясының сапасын сыни бағалаумен байланысты болды. 

         «Аржан» ҚҚ өкілдері жанасу навигациясы жобасын қарастырған кезде тікелей қатысқандарын атап өткен жөн. Бұл ретте «Аржан» қоғамдық қорының тілектері ескеріліп және «Аржан» ҚҚ, «Метропроект» ЖШС мен «Метрополитен» КМК өкілдерінің арасында 14.08.2014 жылғы хаттамалық шешіммен келісім болды.

         Метрополитендегі жанасу навигациясы оны ендірген кезде Қазақстан Республикасында қолданылған барлық нормативтік құжаттар мен стандарттарға сәйкес орындалған. (ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001 «Қала құрылысы. Мүгедектер мен халықтың ұтқырлығы төмен топтарының қажеттіліктерін ескере отырып елді мекендердің құрылысы және жоспарлануы»; ҚР МҚН 3.02-05-2003 «Халықтың ұтқырлығы төмен топтары үшін ғимараттар мен имараттардың қолжетімдігі»; ҚР ҚЕ 3.06-15-2005 «Халықтың ұтқырлығы төмен топтарына қолжетімдікті ескере отырып, ғимараттар мен имараттарды жобалау»; ҚР ҚНжЕ 3.02-17-2001 «Мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үй»).

         Бұдан басқа, жанасу тақталарын төсеу бойынша жұмыстар «Метро бекетіне тұрғындардың халықтың ұтқырлығы төмен топтарының қолжетімдігін қамтамасыз ету» А2М.01-209-АР Жобалау құжаттамасы бойынша орындалды және «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен» келісілді.

         Бейнероликте студенттер көздерін байлап, жанасу төсеніштері бойынша өтуге тырысады. Өз тарапынан «Метрополитен» КМК әкімшілігі осы эксперименттің қорытындылары объективті бола алмайды деп есептейді, өйткені волонтерлер факті бойынша нашар көретіндер емес, сондықтан зағип жандар ретінде жанасу навигациясының көмегімен кеңістікте бағытқа бейімделмеген. Бейнероликтегі нағыз көзі нашар көретін қатысушыға айтылған ескертпелер бөлігінде, барлық ұсыныстар ескерілетінін және жақын арада метрополитен объектілеріне ендірілетінін хабарлаймыз.

Студенттер жанасу төсеніштері сапасының төмендігі туралы айтқан кезде, олар сондай-ақ өтпе жолдарда үзілгені туралы айтып өтті. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына сәйкес төтенше жағдайлар болған кезде халықты эвакуациялау мақсатында, жоба шешімімен қорғаныс құрылғылары (бекітпелер) қарастырылған болатын, бірақ оған жанасу тақталарын монтаждау мүмкін емес.

Жанасу навигациясының есіктерге, бағаналарға және коллоналарға жақын орналасуына қатысты, аталған мәселеде жанасу навигациясын монтаждау барысында ғимараттар мен имараттарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды сақтау туралы мемлекеттік нормативтік талаптар ескерілді. (ҚР МҚН 3.02-05-2003 «Халықтың ұтқырлығы төмен топтары үшін ғимараттар мен имараттардың қолжетімдігі» 5.1.6 және 5.2.9-тармақшалары).

Роликте тақталардың алынып қалғандығы туралы мәселе де қозғалған. Метрополитенді пайдалану тәжірибесі жанасу навигация тақталарының алынып қалуы қыс мерзімінде температуралық айырмашылықтардан болатынын көрсетті. Аталған мәселе «Метрополитен» КМК басшылығының тұрақты бақылауында және тақталардың алынып қалуын болдырмау үшін жыл бойы кешенді шаралар жүргізіледі.

Қорытындылай келе,  ұтқырлығы төмен жолаушылар қозғалысын жеңілдету үшін метрополитен әкімшілігі «Аржан» қоғамдық қорының барлық ұсыныстарын ескергенін ерекше атап өткім келеді. ҚНжЕ-мен осы жұмыс түрлері көрсетілмеген орындарда (вагон есіктеріне өтетін және тар жерлерде) қосымша жанасу тақталарын монтаждау жүргізілді. 

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016