Байқоңыр бекетінде «Бос кітап сөресі» акциясы басталды.

2017 жылдың 12 сәуірі сағат 11.00-де Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Жастар буккроссингі» жобасы шеңберінде «Бос кітап сөресін» ашады.

         Буккроссинг немесе кітап айналымы – бұл дүниежүзілік саяхаттаушы кітапхана. Адам кітапты оқығаннан кейін, оны қоғамдық орында қалдырып кетеді. Оны басқа адам тауып алады. Ол оқып болғаннан кейін кітапты әрі қарай саяхаттауға жібереді. Әлемнің көптеген қалаларында бастамашы адамдар топтары және ұйымдар кітаптарға арналған «қауіпсіз» немесе тегін сөрелерді орнатады. Қалаған адам осы сөреден кітапты ала алады, бірақ оны оқып болғаннан кейін орнына қоюы немесе алған кітаптың орнына басқа кітап қоюы тиіс.

Еліміз үшін маңызды Экспо-2017 іс- шарасы қарсаңында жер шары глобусы формасындағы кітап сөресін орнату бойынша іс-шарасы және оның ашылу салтанаты Ғарышкерлік күніне ойластырылған және символикалық түрде «Байқоңыр» бекетінде өткізілетін болады. Іс-шара Астана ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы болып табылатын ғарыш, технология және болашақ энергиясын білдіреді. 

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016