ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы

"Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ​

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «Метрополитен» КМК) жолаушылар мен багажды тасымалдау, жобалауды, құрылысты, техникалық қадағалауды, Алматы қаласы метрополитенін пайдалануды бақылау бойынша қызметті жүзеге асыра отырып, өзінің өндірістік процестерінің қоршаған ортаға экологиялық әсерінің масштабын түсінеді және өзі қызметінің басым бағытының бірі ретінде қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау қамқорлығын қояды.     

«Метрополитен» КМК ISO 14001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін үнемі жақсартуды қолдауға және қамтамасыз етуге ниет етуде және осы басымдылықты жүзеге асыру үшін келесі міндеттемелерді қабылдайды:

  • Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтау, Қазақстан Республикасы қабылдаған  халықаралық келісімдер,  «Метро» халықаралық қауымдастығы мүшесінің және Қоғамдық көлік халықаралық бірлестігінің міндеттері, сондай-ақ кәсіпорын қызметіне қолданатын басқа да талаптарды сақтау;
  • Қызметтің стратегиялық бағыттарын дайындау кезінде қабылданатын шешімдердің қоршаған ортаға кез келген әсерін ескеру;
  • Мердігер ұйымдардан қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптардың орындалуын талап ету;
  • Кәсіпорын қызметінің атмосфераға, топыраққа және қоршаған ортаның басқа элементтеріне теріс әсерінің алдын алуға күш салу;
  • Экологиялық тәрбиені және кәсіпорын қызметкерлерінің білімін дамыту мен жетілдіру;
  • Жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын үнемі жақсарту;
  • Экологиялық мәселелер бойынша қызығушылық танытқан тараптарға ашық ақпараттандыру арқылы заңнамалық және табиғатты қорғау органдарымен, әлеуметпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп әрекет жасау және қызмет ету.

«Метрополитен» КМК басшылығы өзінің жұмыскерлерінің бейілділігін, бастамашылдығын және кәсіпқойлығын жоғары бағалайды, осы Саясатты барлық деңгейлерде қолдауға сенім артады және Экологиялық саясатты жүзеге асыруды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша міндеттемені өзіне алады.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2018