Алматы метросында байланыс пайда болады

Алматы метрополитенінде ұялы байланыс пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. "Метрода ұялы байланыс күзде пайда болады. Біз техникалық мүмкіндіктерді тексердік, әкімдікте бекітті. Қазір жабдықты орнатуды, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде. Екінші жарты жылдықта, маусымнан кейін, техникалық тестілеуді жүргізе бастаймыз", - деп хабарлады "Метрополитеннің" баспасөз қызметі. Күзде алматылықтар дауысты байланысты және 3G мен LTE стандартты Интернетті бекеттерде де және вагон ішінде де пайдалана алады. Өзінің жеке Wi-Fi нүктесін "Метрополитен" КМК әзірше іске қосуды жоспарлап отырған жоқ. "Біз барлығын қауіпсіз ендіреміз. Бұл үшін уайымдамаса да болады", - деп атап өтті. Сондай-ақ, метрода хабарлағандай, "Достық" және "Сарыарқа" екі бекетінің құрылысын 2020 жылға аяқтауды жоспарлап отыр. "Біз үш жыл ішінде сегіз жаңа жылжымалы құрамды сатып алайық деп отырмыз. Жаңа бекеттерді іске қосумен және жаңа құрамдарды сатып алумен жолаушылар ағыны күніне 20-26 мың адамға өседі және тәулігіне 86-90 мың жолаушыны құрайды. Қазір метро күнсайын 56-58 мың адамға дейін тасымалдайды. Бізге пойыздар арасындағы қозғалыс интервалын қысқартуға тура келеді", - деп қосты баспасөз қызметі. Алматы метрополитені 2011 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылды. Бірінші желі жеті бекетті қамтиды: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Әуезов атындағы драма театры", "Алатау".  Сол кезде алматы жерасты метросында ұялы байланыс болмайды деп айтылған болатын. Мұндай шешімді Қазақстанның құқық сақтау  органдары мен қауіпсіздік қызметтері минскілік және мәскеулік метродағы терактілермен байланыстырды, өйткені ол ұялы байланыстың көмегімен болған. Баспасөз қызметі айтқандай республикамыздың құзырлы органдары басқа елдердің барлық қателіктерін ескере отырып, ұялы байланысты метрополитеннің имараттары мен бекеттерінде енгізбеуді ұсынған.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2018