Жас суретшілердің алмалы бекетіндегі шығармашылық көрмесі

31 қаңтар күні Алматы қаласы метрополитенінің «Алмалы» бекетінде «Астананың 20 жылдық» мерейтойына арналған және Елбасының «Рухани жаңғыру»  -  «Рухани жаңғыру – дәстүрлер сабақтастығы» бағдарламалық мақаласы шеңберінде  жас суретшілер мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының өнер қайраткерлерінің шығармашылық көрмесі  көпшілікке ұсынылды. Графикалық техникадағы жұмыстар, еркін үлгіде орындалған суретшілердің жаңа кескіндеме жұмыстары, сондай-ақ дәстүрлі техникада орындалған туындылар көпшілікке ұсынылды.

Көрменің басты мақсаты қазақ өнерінің рухани мұрасын көрсету, заманауи Қазақстандағы өнердің даму заңдылықтары үрдісінің негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.

Суреттерді мына сілтемеден http://www.metroalmaty.kz/?q=kk/node/2210  табуға болады.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2018