01 маусымнан бастап Алматы метрополитені пойыздар қозғалысының жазғы кестесіне көшеді. | КГП "Метрополитен"

01 маусымнан бастап Алматы метрополитені пойыздар қозғалысының жазғы кестесіне көшеді.

01 маусымнан бастап пойыздар қозғалысының интервалы 6.30-дан 9.20-ға дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін 10 минут, басқа уақытта және демалыс күндері электрпойыздарының қозғалыс интервалы 13 минутты құрайтынын хабарлаймыз.

Жолаушылар пойыздар қозғалысын «Метрополитен г.Алматы» қолданбасынан автономды режімде қадағалай алады.  Қолданба пойыздар кестесімен, метрополитен бекеттері туралы ақпаратпен, галереямен, google-картасында бекеттердің орналасуымен, метрополитен тарихымен, сондай-ақ жолақы құны және төлеу тәсілдерімен жабдықталған.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2018