15 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МЕЙРАМ ҚҰРМЕТІНЕ МЕТРОМЕН ТЕГІН ЖОЛ ЖҮРУДІ ҰСЫНАДЫ | КГП "Метрополитен"

15 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МЕЙРАМ ҚҰРМЕТІНЕ МЕТРОМЕН ТЕГІН ЖОЛ ЖҮРУДІ ҰСЫНАДЫ

2018 жылдың 01 маусымында «Метрополитен» КМК 15 жасқа дейінгі балалар үшін метромен тегін жол жүруді ұсынады. Бір жолғы акцияны Халықаралық балаларды қорғау күнімен орайластырды. Бұл күні сағат 06.20-дан 23.30-ға дейін балалар метромен тегін жол жүре алады.

Балаларға жол жүру билетін ресімдеу үшін баланың жасын растайтын құжаты болуы тиіс (құжат суреті).

«Халықаралық балаларды қорғау күні» жыл сайын 1 маусымда аталып өтетінін естеріңізге саламыз, 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгрессінің шешімімен құрылған, бірінші рет 1950 жылы аталып өтті.  

 Толық ақпарат алғыңыз келсе 396-87-76 телефоны бойынша хабарласыңыз.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2018