«АЛМАЛЫ» МЕТРО БЕКЕТІНДЕ ТЕГІН WI-FI ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

 «Алмалы» метро бекетінде тегін Wi-Fi пилоттық режімде іске қосылды.

«Алмалы» - алматылықтар тегін интернетті пайдалана алатын жалғыз станция емес. Одан бұрын Wi-Fi «Жібек жолы» бекетінде қолжетімді болды. Күн сайын шамамен 400 пайдаланушы Алматы метросының тегін Wi-Fi желісіне қосылады.

Метрополитеннің барлық бекеттері мен пойыздарын ағымдағы жылдың қараша айына дейін сымсыз интернетке қосу жоспарланып отыр.

Айта кету керек, Wi-Fi желісіне төменге түспей тұрып, яғни сіздің ұялы байланыс операторыңыз байланысқа түсетін жерде қосылу керек, бастапқы беттегі деректерді толтырып, sms кодты күтіп, қосылымды растаңыз. Интернетті игілігіңізге пайдаланыңыз.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019