Алматы метрополитенінің жолаушыларын жас таланттар арт-мобпен қуантты

Алматы метрополитенінің «Жібек жолы» және «Абай» бекеттерінде жас таланттар оңтүстік астанамыздың тұрғындары мен қонақтарының дағдылы жұмыс күндерін өздерінің шығармашылықтары арқылы көріктендіріп жібердіЖастар жылын тойлату аясында «ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық академиясы» финалистері қазақстандық бойз-бенд Mad Men тобымен бірлесіп Қазақстанда бірінші шығармашылық  #ArtMobAlmaty өткізді.

Жоба қатысушылары «Метрополитен» жолаушыларын керемет шаттыққа бөлей алды.  Арт-моб Mad Men тобының орындауындағы көптеген адамдар сүйіп тыңдайтын «Бері жақында» өлеңімен жасалды. Сондай-ақ ең басты тосын сый Mad Men тобының Q-pop бағытындағы жұлдыздардың өздері де қосылып билеуі болды.

Арт-Моб — бұл көркемдік құндылық пен эстетикалық маңызы бар флешмобтар. Мұндай флешмобтар, әдетте күрделірек өтеді, және ойын-сауық етіп өткізуге бағытталған, өйткені арт-мобтарға дайындық үздіксіз репетиялар мен қызықты қойылымдарды жасаудан тұрады

.Адамдардың алдында өнер көрсету әрбір көрерменге нағыз эмоция сыйлады, өйткені арт-мобта бәрі қарастырылған: динамикалық би де, күй-шашу да, өлең де, ал ең соңында балалар өздерінің финалдық өнерлерін – «Өткеніңді есте ұстап, болашаққа ұмтыл!» деген үндеумен әсерлі суреттерін көрсетті. Көрермендердің пікірі бойынша ең әсерлісі бұл ұлы ақын, әрі жазушы Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» туындысынан үзіндіні айту болды.  

 

Суреттерді мына жерден таба аласыз: http://www.metroalmaty.kz/?q=kk/node/2680

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019