Метрополитен бекеттерінде Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында «Алматы ынтымақтастық» көрмесі өтеді

Алматылықтар қала метрополитенінің эскалаторлық лайтбокстарында ақ халатты батырларды көре алады.

Алматы қаласының әкімдігі пандемия кезінде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болған дәрігерлердің еңбегі мен ерлігіне деген алғыс пен құрмет белгісі ретінде «Алматы ынтымақтастық» көрмесін ұйымдастырды.

Көрме Қала күнін мерекелеу аясында өтеді. Онда қиын кезеңдерде азаматтардың денсаулығы үшін күрескендердің бір бөлігі ғана көрсетілген.

Фотосессияға №29 Қалалық емханасының, Алматы қалалық Жедел Медициналық жәрдем қызметінің, № 1 Қалалық клиникалық ауруханасының, Орталық қалалық клиникалық ауруханасының, №17 Қалалық емханасының, И.С. Жакенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының және Қалалық Балалар Жұқпалы Аурулар ауруханасының 100-ден астам батыр медицина қызметкерлері қатысты.

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2020