Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ»

Алматы қаласы «Метрополитен» КМК –де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу бойынша online-кеңес өтті.

Кеңес барысында көлік-логистикалық кешенді дамыту, барлық реформалардың негізгі элементі ретінде цифрландыру және шағын және орта бизнесті қолдау сияқты Жолдаудың негізгі ережелері, сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді, атап айтқанда:

 

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық дамуының басты басымдылықтарының бірі ретінде;
  • Алдын алу жұмыстарын жүргізу;
  • Қазақстанның ГРЕКО халықаралық ұйымына кіруі, қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін басшыларды заңнамалық босатуға енгізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне нормативтік-құқықтық актілерді сараптау бойынша жұмысты күшейту;
  • Сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін қызмет көрсетуге толық тыйым салуды белгілеу. Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды;
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша ҚР  Қылмыстық кодексінің келесі баптары түсіндірілді:                                                          

361-бап:  Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану

366-бап. Пара алу

367-бап. Пара беру

Іс-шара Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоныровтың төрағалығымен өтті, «Метрополитен» КМК қызметкерлері қатысты, құқықтық жұмыс және іс жүргізу бөлімінің бас маманы С. Сәбетбек баяндама жасады.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022