«Метрополитен» КМК күзгі комиссиялық тексеруден өтті.

Тексеру шеңберінде апта сайын комиссия түнде шығып, барлық инфрақұрылым объектілерін, ал бұл қызметтік-техникалық үй-жайларды, туннельдерді қарап тексереді, жолдарға, жабдықтар мен механизмдерге қарап тексеру жүргізіледі.

Тексеру аяқталғаннан кейін келесі жылға ағымдағы күтіп-ұстауға және жөндеуге байланысты жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кешені әзірленеді.

Күзгі комиссиялық тексеру  - бұл жолды, жасанды құрылыстарды, жер төсемін және жол құрылыстарын, жылжымалы құрамды, механизмдер мен құрылғылардың жабдықтарын тексеру.

"Күзгі тексеру құрылымдық бөлімшелердің жол шаруашылықтарының алдағы қысқы маусымда тұрақты және қауіпсіз жұмыс істеуге дайындығын тексеру және қамтамасыз ету үшін қажет» - директордың пайдалану және жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Абзал Шөгелбаев.

«Ішкі көлемді жұмыс қазаннан басталып, қарашаның соңына дейін жүргізіледі. Тексеру барысында қолға алу керек жұмыстарды белгілеп кетеміз. Бұл жұмыстар туралы жолаушылар мүлдем ойланбауы да мүмкін, бірақ біз күн сайын қауіпсіздік пен үздіксіз жұмысты барынша қамтамасыз ету үшін бәрін жасаймыз» - жол және тоннельдік имараттар қызметінің бастығы Алтай Тілеген. 

«Жолды үнемі бақылап және тексеріп отыру – метрополитендегі пойыздардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етудің ең жақсы кепілі», - дейді қозғалыс қызметінің бастығы Нұрлан Қадырқұлов. 

"Тексерулер нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеу жағдайларын анықтауға және қыс маусымына кіргенге дейін жедел жоюға көмектеседі" – өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Әлімжан Бекбаев.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021