Алматы метрополитеніне директор тағайындалды

Алматы қаласы «Метрополитен» КМК-нің басшысы болып Сағындық Телібаев тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов таныстырды. Ол қала әкімінің  метрополитен алдында бірқатар нақты тапсырмалар қойғанын атап өтті. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, қаупсіздік деңгейін көтеру, жолаушылар ағынын ұлғайту. Бұдан басқа, ол Телібаевтың тәжірибелі басшы екенін, көлік саласында жұмыс өтілі үлкен екенін атап өтті және метрополитеннің толығымен одан әрі дамуына жеке көңіл бөлу керек екеніне тапсырма берді.

 

Өзінің еңбек қызметін Сағындық Телібаев метрополитеннен «Алматыметроқұрылыс» АҚ күрделі құрылыс бөлімінің тау-кен техникалық инспекторы лауазымынан бастады, Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Алматы қаласы салынып жатқан метрополитен дирекциясы» МКК күрделі құрылыс бөлімінің тау-кен күрделі жұмыстар жөніндегі жетекші инженері, Алматы қаласы «Метрополитен» КМК техникалық бөлімінің техникалық құжаттама жөніндегі жетекші инженері болып жұмыс істеді.

 

Мемлекеттік қызметші болуын Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жол инфрақұрылымы бөлімінің маманынан бастады. Соңғы бірнеше жыл бойы Қалалық мобилділік басқармасы басшысы болып жұмыс істеді.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021