Алматы метросында пойыздар жиі қатынай бастайды

Алматы метросында пойыздардың қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін қысқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3 қарашадан бастап Алматы метросында пойыздар қозғалысының аралығы қысқарды. Бұл туралы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Жолаушылар ағынының ұлғаюы және жолаушылардың көптеген өтінішіне байланысты халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласының метрополитенінде пойыздар қозғалысының аралығы қарбалас уақытта 10 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады»,- делінген ресми хабарламада.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021