Алматыда «Сарыарқа» және «Б. Момышұлы» метро станциялары техникалық іске қосылды

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында метрополитеннің жаңа станцияларының дайындығын тексеріп, олардың техникалық іске қосылуына қатысты.

Жаңа станциялар Алматы метрополитенінің екінші іске қосу кешенінің нысандары болып табылады, оның дайындығы қазіргі кезде 96%-дан асады.

Жол Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейінгі батыс бағытта орналасқан. Аралық тоннельдерден және «Сарыарқа» және «Б. Момышұлы» екі станциядан тұрады. Желі учаскесінің ұзындығы – 3.08 км.

«Сарыарқа» станциясы «Фэмили» паркінің ауданында орналасқан, терең төселген, пилон типті, қозғалысы шектеулі топтары үшін 2 лифті, 8 экскалаторы бар екі кіру тобынан тұрады.

«Б. Момышұлы» станциясы Абай даңғылының астында, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Шағын құрылыс станциясы, колонна типті. Ол екі жерасты лоббиінен және алты кіру тобынан тұрады. 6 лифт және 15 эскалатор қарастырылған.

Бүгінде негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды және іске қосу-жөндеу жұмыстары басталды, сәулет-әрлеу жұмыстары, инженерлік желілер, автоматика жүйелері және пайдалану жабдығын монтаждау аяқталу сатысында.

Метрополитен жолаушыларына жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін қолданыстағы метрополитенмен автоматика жабдықтары мен жүйелерін біріктіруді, сондай-ақ электр жылжымалы құраммен жолдар бойынша домалатуды қамтитын іске қосу-жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Бұл станциялар қаланың халық тығыз орналасқан аудандарында орналасқан, пайдалануға беру кезінде күтілетін жолаушылар ағыны күніне 40 мың адамнан 86 мың адамға дейін артады, бұл жалпы қаланың көше-жол желісі мен көлік инфрақұрылымының жүктемесін бірнеше есе азайтады.

Еске салсақ, бұған дейін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Тұңғыш Президент күні мен Алматы метрополитенінің 10 жылдығына орай 8 жаңа электр жылжымалы құрам пайдалануға берілген болатын. Оларды оңтүстік кореялық Hyundai Rotem компаниясы Алматы метрополитені үшін арнайы өндірген. Бүгінде метрополитенде 15 пойыз жұмыс істейді.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022