Алматыда метроның жаңа бекеттері ашылды

Бекеттерді іске қосудың салтанатты рәсімінде қала әкімі Ерболат Досаев метрополитен құрылысшылары мен қызметкерлеріне ерен еңбектері мен қаланың қоғамдық көлігін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

«Бұл қала мен тұрғындар үшін өте маңызды оқиға деп санаймын. Мәселе біз күтіп отырған жолаушылар ағынының, 50 мыңнан 85 мыңға дейін өсуінде ғана емес.Қала барынша жайлы болады, бәрімізді толғандыратын трафик , экологияны жақсарту мәселелерін шешеміз», - деді Ерболат Досаев.

Метроның одан әрі дамуы «Барлық» базарына дейін барады. Сондай-ақ, қала инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар әзірленуде, онда әкім атап өткендей, метрополитеннің дамуы көрініс табады әрі метро құрылысшыларын үлкен жұмыстар күтіп тұр.

Бүгін метроның «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» бекеттері ашылды. Жаңа станциялар қала орталығын тыныш аудандармен байланыстырады. Желіде қозғалыс аралығы 8-12 минут болатын 15 төрт вагонды электрпойыздарын іске қосу жоспарлануда.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022