«Б. Момышұлы» бекеті

Алматы қаласы метрополитенінің екінші кезектегі «Б. Момышұлы» бекеті - Абай даңғылы бойында, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Терең орналаспаған, колонналық үлгідегі, 7,5 м; 5,7 м; 7,5 м үш аралықтан тұратын бекет. Биіктігі 5,6 м. Платформаның ұзындығы-108 м.

Бекет жатық аудандарының үлкен тұрғын үй массивінің ортасында орналасқан. Осыны ескере отырып, жобаның басты міндеті ең заманауи әрлеу материалдарын пайдалану ғана емес, сондай-ақ адамға мейірімді мәдени орта құру болды.

Платформаның қабырғалары мен бағаналарын әрлеуге ашық түсті, інжу - сұр түсті Kalesinterflex инновациялық қыш панельдері, еденді қаптауға ашық сұр түсті табиғи гранит пайдаланылды.

Вестибюльдің қабырғалары мен бағандарын безендіруде сұр және ашық ағаш түсті Kalesinterflex қыш панельдері, ал жарықтандыруында бейтарап ақ жарықдиодты шамдар қолданылды.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022