Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

2023 жылдың 10 наурызында Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының мамандары мен Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» КМК мамандары бірлесіп Алматы қ. әкімдігінің ШЖҚ «Метрополитен» КМК басшылар мен қызметкерлері арасында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Дөңгелек үстелде аурудың пайда болу себебі, оны анықтау белгілері мен әдістері, сондай - ақ алдын-алудың барлық түрлері, соның ішінде алдын-алудың нақты шарасы (вакцинация) егжей-тегжейлі сипатталды.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023