- ҚАЗ
- РУС
Метрополитеннің «Сарыарқа» станциясы Әуезов ауданында 3-шағынауданы, 12/5 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан
Станцияда қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін жабдықталған екі кіреберіс бар. Онда тік көтергіштер (лифтілер) бар. Лифтілердің алдыңғы есіктерінің алдына кезекші персоналды шақыру үшін мобильділік байланыс (домофон) орнатылған. Қоңырау шалу (домофон) түймесін басып, эскалатор бойынша кезекшінің жауабын күтіп, лифтінің алдыңғы есігін ашып, касса залының деңгейіне түсуді сұрау керек, онда сізді кезекші персонал қарсы алады және станция платформасына метрополитен пойыздарына дұрыс бағытта түсуге көмектеседі.
№ 1 лифт:
- Абай даңғылы (төменгі бөлігі), "Family" саябақ жағынан (LGS түрі, LGL1-PA13 -1000, көтеру биіктігі – 7,1 м, жүк көтергіштігі – 1000 кг) (1-сурет).
1-сурет
№ 2 лифт:
- Абай даңғылы (жоғарғы бөлігі), № 6 шағын аудан жағынан (LGS түрі, LGL1-PA13 -1000, көтеру биіктігі-7,6 м, жүк көтергіштігі-1000 кг) (2-сурет).
2-сурет
Турникеттерден өту төлемін жасағаннан кейін жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі эскалатормен Т-10 (жүк көтергіштігі – 130 кг) типті қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған механикалық құрылғының көмегімен адам жүру деңгейіне дейін түсіреді (3-сурет).
3-сурет
Әрі қарай, адам жүру деңгейінен станция платформасына түсу ВП-01 (номинал жылдамдығы – 0,15 м/с, жүк көтергіштігі – 225 кг, электрмен қоректендіру – 220В) типті қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған көлбеу көтергіштің көмегімен метрополитен пойыздарына қажетті бағытта жүргізеді (4-сурет).
4-сурет
Сондай-ақ, станцияда қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін жабдықталған екі кіреберіс бар. Кезекші персоналды шақыру үшін мобильдiлiк телефондары орнатылған. Телефонды алыңыз (қоңырау автоматты түрде келеді) және станция кезекшісіне телефон аппаратында көрсетілген кіреберіс нөмірін айтыңыз.
"№1 кіреберіс ":
- Абай даңғылы (төменгі бөлігі), "Family" саябағы жағынан (5-сурет).
5-сурет
"№2 кіреберіс ":
- Абай даңғылы (жоғарғы бөлігі), №6 шағын аудан жағынан (6-сурет).
6-сурет
Осыдан кейін Сізге жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі Т-10 (жүк көтергіштігі – 130 кг) типті қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған механикалық құрылғының көмегімен касса аймағына дейін түсіру үшін 4-6 минут ішінде келеді (3-сурет).
Турникеттен өту жолақысын төлегеннен кейін механикалық құрылғы эскалатор арқылы адам жүретін деңгейге дейін түсіреді.
Әрі қарай адам жүру деңгейінен станция платформасына түсу ВП-01 (номинал жылдамдығы – 0,15 м/с, жүк көтергіштігі – 225 кг, электрмен қоректендіру – 220В) типті қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған көлбеу көтергіштің көмегімен метрополитен пойыздарына қажетті бағытта жүргізіледі (4-сурет).
Сонымен қатар, қозғалысы шектеулі жолаушылар баспалдақпен жүру үшін станцияда "БАРС-УГП-130" (қозғалтқыштың қуаты – 300 Вт, жылдамдығы – 3-8 м/мин., жүріс запасы-40 қабат) моделі шынжыр табанды көтергіші бар (7-сурет).
7-сурет
"Сарыарқа" станциясы бойынша қозғалысы шектеулі жолаушыға қызмет көрсетудің жалпы уақыты 15-20 минутты құрайды.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023