- ҚАЗ
- РУС
Метрополитеннің «Мәскеу» станциясы Алматы қаласының Әуезов ауданында 8-ықшам ауданы, 41/1 орналасқан.
Станцияда қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін жабдықталған төрт түсетін жер бар. Кезекші персоналды шақыру үшін мобильділік телефон аппараттары орнатылған. Телефонды алыңыз (қоңырау автоматты түрде келеді) және станция кезекшісіне телефон аппаратында көрсетілген түсетін жер нөмірін айтыңыз.
"№1 түсетін жер"
- Абай даңғылы (төменгі бөлігі), Өтеген батыр көшесінің қиылысы (1-сурет).
1-сурет
"№2 түсетін жер":
– Абай даңғылы (жоғарғы бөлігі), Өтеген батыр көшесінің қиылысы(2-сурет).
2-сурет
"№3 түсетін жер":
- Абай даңғылы (төменгі бөлігі), Алтынсарин көшесіне жағынан (3-сурет).
3-сурет
"№4 түсетін жер"
– Абай даңғылы (жоғарғы бөлігі), Алтынсарин көшесіне жағынан (4-сурет).
4-сурет
Осыдан кейін Сізге жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі Т-10 типті (жүк көтергіштігі – 130 кг) қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған механикалық құрылғының көмегімен эскалатор арқылы касса аймағына дейін түсіру үшін 3-4 минут ішінде келеді (5-сурет).
5-сурет
Жолақысын төлеп және турникеттен өткеннен кейін кезекші персонал "Sercom L.S." лифтімен (өтпелі) (жылдамдығы 1 м/сек., жүк көтергіштігі – 13 адам 1000 кг) платформаға дейін түсіреді (6-сурет).
6-сурет
Әрі қарай, ол Сізді пойызға қажетті бағытта алып жүреді.
«Мәскеу» станциясы бойынша мүмкіндігі шектеулі жолаушыға қызмет көрсетудің жалпы уақыты 15-20 минутты құрайды.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023