- ҚАЗ
- РУС
Метрополитеннің «Сайран» станциясы Алматы қаласының Бостандық ауданында мына мекенжайда орналасқан: Абай даңғылы, 196.
Станцияда қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін жабдықталған төрт түсетін жер бар. Кезекші персоналды шақыру үшін мобильділік телефон аппараттары орнатылған. Телефонды алыңыз (қоңырау автоматты түрде келеді) және станция кезекшісіне телефон аппаратында көрсетілген түсетін жер нөмірін айтыңыз.
"№1 түсетін жер"
- Абай даңғылы (төменгі бөлігі), Брусиловский көшесінің қиылысы (1-сурет).
1-сурет
"№2 түсетін жер:"
- Абай даңғылы (жоғарғы бөлігі), Брусиловский көшесінің қиылысы (2-сурет).
2-сурет
"№3 түсетін жер":=
- Абай даңғылы (төменгі бөлігі), Тілендиев көшесінің қиылысы (3-сурет).
3-сурет
"№4 түсетін жер"
– Абай даңғылы (жоғарғы бөлігі), Тілендиев көшесінің қиылысы (4-сурет).
4-сурет
Осыдан кейін Сізге жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі Т-10 (жүк көтергіштігі – 130 кг) типті қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған механикалық құрылғының көмегімен эскалатор арқылы касса аймағына дейін түсіру үшін 3-4 минут ішінде келеді (5-сурет).
5-сурет
Жолақысын төлеп және турникеттен өткеннен кейін кезекші персонал «SERCOM L.S.» лифтімен (өтпелі) (жылдамдығы - 1м/сек., жүк көтергіштігі – 13 адам 1000 кг) платформаға дейін түсіреді(6-сурет).
6-сурет
Әрі қарай, ол Сізді пойызға қажетті бағытта алып жүреді.
«Сайран» станциясы бойынша мүмкіндігі шектеулі жолаушыға қызмет көрсетудің жалпы уақыты 15-20 минутты құрайды.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023