Мүгедек топтарға арналған ақпарат

Метрополитеннің «М. Әуезов атындағы театры» Алматы қаласының Бостандық ауданында Абай даңғылы, 50 мекенжайында орналасқан.

Станцияда қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін жабдықталған екі түсетін жер бар. Кезекші персоналды шақыру үшін мобильділік телефон аппараттары орнатылған. Телефонды алыңыз (қоңырау автоматты түрде келеді) және станция кезекшісіне телефон аппаратында көрсетілген түсетін жер нөмірін айтыңыз.

"№1 түсетін жер"
- «М. Әуезов атындағы театр» жағынан кіреберіс (1-сурет).


1-сурет

"№2 түсетін жер"
- Байзақов көшесі, Мемлекеттік Цирк жағынан кіреберіс (2-сурет).


2-сурет

Осыдан кейін Сізге жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған SP-108 (номинал жылдамдығы – 15 м/мин., жүк көтергіштігі – 230 кг, электрмен қоректендіру – 220 В) типті көлбеу көтергіштің көмегімен касса аймағына түсіру үшін 4-6 минут ішінде келеді (3-сурет).


3-сурет

Жолақысын төлегеннен және турникеттен өткеннен кейін жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі эскалатормен қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды Т-10 (жүк көтергіштігі – 130 кг) типті механикалық құрылғының көмегімен адам жүретін деңгейге дейін түсіреді (4-сурет).


4-сурет

Әрі қарай қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған SP-108 (номинал жылдамдығы – 15 м/мин., жүк көтергіштігі – 230 кг, электрмен жабдықтау – 220В) типті көлбеу көтергіште станция платформасына дейін метрополитен пойыздарына қажетті бағытта түсіреді (5-сурет).


5-сурет

Сондай-ақ, станцияда баспалдақпен жүру мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған VIMEC типті шынжыр табанды көтергіші бар (қозғалтқыш қуаты – 300 Вт, максимал жылдамдығы – 15 м/мин., жүру запасы - 23 қабат) (6-сурет).


6-сурет

«М. Әуезов атындағы театр» станциясы бойынша мүмкіндігі шектеулі жолаушыға қызмет көрсетудің жалпы уақыты 25-30 минутты құрайды.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023