- ҚАЗ
- РУС
Метрополитеннің «Байқоңыр» станциясы Алматы қаласының Бостандық ауданында мына мекенжайда орналасқан: Байтұрсынұлы көшесі, 107Б.
Станцияда қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін жабдықталған екі түсетін жер бар. Кезекші персоналды шақыру үшін мобильділік телефон аппараттары орнатылған. Телефонды алыңыз (қоңырау автоматты түрде келеді) және станция кезекшісіне телефон аппаратында көрсетілген түсетін жер нөмірін айтыңыз.
"№1 түсетін жер":
- Байтұрсынұлы көшесі (1-сурет).
1-сурет
"№2 түсетін жер":
- Байтұрсынұлы көшесі (2-сурет).
2-сурет
Осыдан кейін Сізге жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі 4-6 минут ішінде SP-108 (номинал жылдамдығы – 15 м/мин., жүк көтергіштігі – 230 кг, электрмен жабдықтау – 220В) типті қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған көлбеу көтергіштің көмегімен касса аймағына түсу үшін келеді (3-сурет).
3-сурет
Жолақысын төлегеннен және турникеттен өткеннен кейін жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға Т-10 (жүк көтергіштігі – 130 кг) типті механикалық құрылғының көмегімен адам жүретін деңгейге дейін түсіреді (4-сурет).
4-сурет
Әрі қарай, SP-108 (номинал жылдамдығы – 15 м/мин., жүк көтергіштігі – 230 кг, электрмен жабдықтау – 220 В) типті қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған көлбеу көтергіште станция платформасына дейін метрополитен пойыздарына қажетті бағытта түсіреді (5-сурет).
5-сурет
Сондай-ақ, станцияда баспалдақпен түсу үшін қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған LG-2004 типті (қозғалтқыш қуаты – 300 Вт, максимал жылдамдық - 15 м/мин., жүріс запасы 23 қабат) шынжыр табанды көтергіші бар (6-сурет).
6-сурет
Баспалдақ маршымен мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жүру үшін пандус орнатылған (7-сурет).
7-сурет
«Байқоңыр» станциясы бойынша мүмкіндігі шектеулі жолаушыға қызмет көрсетудің жалпы уақыты 25-30 минутты құрайды.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023