- ҚАЗ
- РУС
Метрополитеннің «Абай» станциясы Алматы қаласының Медеу ауданында мына мекенжайда орналасқан: Абай даңғылы, 27А.
Станцияда қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін жабдықталған екі түсетін жер бар. Кезекші персоналды шақыру үшін мобильділік телефон аппараттары орнатылған. Телефонды алыңыз (қоңырау автоматты түрде келеді) және станция кезекшісіне телефон аппаратында көрсетілген түсетін жер нөмірін айтыңыз.
"№1 түсетін жер":
- Абай даңғылы (төменгі бөлігі), Қонаев көшесіне қарай (1-сурет).
1-сурет
"№2 түсетін жер":
– Абай даңғылы (жоғарғы бөлігі), Назарбаев даңғылы мен Қонаев көшесі арасында (2-сурет).
2-сурет
Осыдан кейін Сізге жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған СП-108 типті (номинал жылдамдығы – 15 м/мин., жүк көтергіштігі – 230 кг, электрмен қоректендіру – 220В) көлбеу көтергіштің көмегімен касса аймағына дейін түсіру үшін 3-4 минут ішінде келеді (3-сурет) .
3-сурет
Жолақысын төлегеннен және турникеттен өткеннен кейін қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға Т-10 (жүк көтергіштігі – 130 кг) типті механикалық құрылғының көмегімен адам жүретін деңгейге дейін түсіреді (4-сурет).
4-сурет
Әрі қарай қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған SP-108 типті (номинал жылдамдығы – 15 м/мин., жүк көтергіштігі – 230 кг, электрмен жабдықтау – 220 В) көлбеу көтергіште станция платформасына дейін метрополитен пойыздарына қажетті бағытта түсіреді (5-сурет).
5-сурет
Сондай-ақ, станцияда баспалдақпен жүру мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған LG-2004 типті (қозғалтқыш қуаты – 300 Вт, максимал жылдамдық-15 м / мин., жүріс запасы-23 қабат) шынжыр табанды көтергіші бар (6-сурет).
6-сурет
«Абай» станциясы бойынша жүру мүмкіндігі шектеулі жолаушыға қызмет көрсетудің жалпы уақыты 20-25 минутты құрайды.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023