Мүгедек топтарға арналған ақпарат

Метрополитеннің «Жібек жолы» станциясы Алмалы ауданында Панфилов көшесі, 84/54, Гоголь көшесінің қиылысында орналасқан.

Станцияда қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін жабдықталған екі түсетін жер бар. Кезекші персоналды шақыру үшін мобильділік телефон аппараттары орнатылған. Телефонды алыңыз (қоңырау автоматты түрде келеді) және станция кезекшісіне телефон аппаратында көрсетілген кіреберіс нөмірін айтыңыз.

"№1 кіреберіс":
- Гоголь көшесі (жоғарғы бөлігі) (1-сурет).


1-сурет

"№2 кіреберіс":
- Панфилов көшесі, Гоголь көшесінің қиылысында (2-сурет).


2-сурет

Осыдан кейін жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі Сізге 4-5 минут ішінде келеді.

№ 1 кіреберісте (Гоголь көшесі жағынан) ВП-001 типті қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін тік көтергіш платформамен жабдықталған (3-сурет).


3-сурет

№ 2 кіреберіс (Панфилов көшесі жағынан) пандуспен жабдықталған (4-сурет).

<
4-сурет

Касса аймағына түсу үшін қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға SP-108 типті (номинал жылдамдығы – 15 м/мин., жүк көтергіштігі – 230 кг, электрмен қоректендіру-220В) көлбеу көтергіштің көмегімен жүргізіледі (5-сурет).


5-сурет

Жолақысын төлегеннен және турникеттен өткеннен кейін қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға Т-10 (жүк көтергіштігі – 130 кг) типті механикалық құрылғының көмегімен адам жүретін деңгейге дейін түсіреді (6-сурет).


6-сурет

Бұдан әрі қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін НП -001 типті көлбеу көтергішпен жүргізіледі  (7-сурет).


6-сурет

SР-108 типті көлбеу көтергіште жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі станцияның платформалық учаскесіне дейін метрополитен пойыздарына қажетті бағытта түсіреді (8-сурет).


8-сурет

Сондай-ақ, станцияда баспалдақпен қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған LG-2004 (қозғалтқыш қуаты – 300 Вт, максимал жылдамдық – 15 м/мин., жүру запасы-23 қабат) типті шынжыр табанды көтергіші бар (9-сурет).


9-сурет

Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға баспалдақ маршымен жүру үшін пандустар орнатылды (10-сурет).


10-сурет

«Жібек жолы» станциясы бойынша қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыға қызмет көрсетудің жалпы уақыты 20-25 минутты құрайды.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023