«Райымбек батыр» бекеті

«Райымбек батыр» бекеті – таяз орналасқан. Назарбаев даңғылы және Райымбек батыр даңғылының қиылысында орналасқан. Жерасты вестибюліне кіретін және шығатын жерлер Назарбаев даңғылы мен Райымбек батыр даңғылы қиылысқан әрбір бұрышқа орналасқан. Тағы екі кіретін және шығатын жерлер Назарбаев даңғылы бойында, Райымбек батыр даңғылының солтүстігіне қарай орналасқан.

Таяз орналасқан бекет ені — 10 м, ұзындығы — 104 м бір арал іспеттес платформасы бар бір күмбез тәрізді.

Әрлеуі ежелгі заман мен қазіргі замандағы үлгілерді біріктіру  етіп орындалған. Қабырғаларда ұлттық өрнектер мен жартасқа салынған суреттер бейнеленген​.

 
«Райымбек батыр» бекетіне жақын орналасқан нысандар​:
 
-"Мерей" сауда Үйі​
-Алматы-2 теміржол вокзалы
-Көк базар​
-"Саяхат" автовокзалы
 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023