Директор
Телібаев Сағындық Тоқтасынұлы
1976 жылы туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
Сағындық Тоқтасынұлы Телібаев өзінің еңбек жолын Алматы қаласының метрополитенінде «Алматыметроқұрылыс» АҚ күрделі құрылыс бөлімінің тау-кен-техникалық инспекторы лауазымынан бастады, Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Алматы қаласының салынып жатқан метрополитен дирекциясы» МКК күрделі құрылыс бөлімінің тау-кен-күрделі жұмыстар жөніндегі жетекші инженері, Алматы қаласы «Метрополитен» КМК техникалық бөлімінің техникалық құжаттама жөніндегі жетекші инженері болды. Сонымен қатар ол Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жол инфрақұрылымы бөлімінің маманы болып жұмыс істеді. Соңғы бірнеше жылда қалалық мобильділік басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап «Метрополитен» КМК директоры қызметін атқарады.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023