Қозғалыс қызметі

Қозғалыс қызметі «Метрополитен» КМК-нің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қызмет бастығы басқарады және «Метрополитен» КМК директорының пайдалану жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.

Қызметтің негізгі міндеттері​:

  1. Поездардың және жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз ету​;
  2. Жолаушыларға мәдени қызмет көрсетуді ұйымдастыру​;
  3. Жолаушылардың «Метрополитенді пайдалану ережелері» қадағалауды бақылау және жолаушылар мен метрополитен арасында қарым-қатынасты реттеу​;
  4. Бекет жұмысын ұйымдастыру және оларды тиісті санитарлық жағдайда ұстау​;
  5. Аптадағы сағаттар мен күндер бойынша жолаушылар ағымын талдау негізінде поездар қозғалысының тиімді кестесін әзірлеу және ендіру​.
   
 Бекет – бұл метрополитеннің беті, жолаушыларға қызмет көрсету басталатын көше беттегі есігі. Бекет жұмыскерлеріне жолаушылармен үнемі байланыста болғандықтан және қызмет көрсету сапасының және метрополитенді толығымен алғанда жұмысының индикаторлары болып табылатындықтан ерекше жауапкершілік артылады.
 Әртүрлі кезеңдерде басшылық және ұжым алдында күрделі және маңызды тапсырмалар тұрды. Бастапқы, іске қосу алдындағы кезеңде мамандар ұйытқысын қалыптастыру басты мақсат болып табылды. Бұл тапсырма табысты шешілді, бекеттер басшылары, диспетчерлік және инженерлік-техникалық аппарат жиыстырылды. Оқытылып-үйретілетін ұжым қалыптасты, еңбек жағдайы, техникалық база және техникалық құжаттама жасалды, ал ең соңында қызметтің барлық бөлімдерінің өзара әрекет ететін нақты жүйесі құрылды​.
 Бекеттер бойынша жұмыстардың жедел үйлесімділігін тәулік бойы бекет бойынша кезекшілер жүргізуде. Метрополитендегі ең маңызды қызметкер -  жолаушыларға қызмет көрсету кезекшілері болып табылады, оларға поездарды күтіп алу және жіберу, жолаушыларды поезға отырғызу және одан түсіру, оларға, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға мәдени қызмет көрсету жүктелген​.
 Бүгінде қызметте басшылар мен инженерлер қызметінде күрделі тапсырмаларды лайықты шешуге қабілетті көптеген жастар қызмет істеуде. Қозғалыс қызметінде өндірістік тәжірибесі бар және тәжірибе алатын барлық әкімшілік-басқарма, инженерлік-техникалық және кезекші персоналы Алматы метрополитенінің құрылуына және дамуына үлкен үлес қосады​.     
Қызметтегі барлық ұжымның өзіне жүктелген жауапкершілікті түсінуі және мақсатқа бағытталған жұмыстары, қызмет мақсатқа қол жеткізетіне және жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін одан әрі жетілдіретініне негіздеме береді​.  

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016