Автоматтандыру, белгі беру және байланыс қызметі

Автоматтандыру, белгі беру және байланыс қызметі «Метрополитен» КМК-нің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қызмет бастығы басқарады және «Метрополитен» КМК директорының пайдалану жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
 
Қызметтің тапсырмалары​:
  1. Белгі беру және байланыс автоматикасы жүйелеріне (бұдан әрі АББ жүйелері үшін) техникалық қызмет көрсету, қалпына келтіру және жөндеу, пайдалану және кәдеге жарату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  2. АББ жүйелерін дамыту ғылыми-техникалық прогресс, озық  технологиялар мен басқа метрополитендердің озық тәжірибесін ендіру негізінде​.
Қызмет міндеттері​:
  1. Поездар қозғалысының қауіпсіздігін, АББ жүйелерінің жұмыс сенімділігін жоғарлату бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауды бақылау және әзірлеу;
  2. Материалдық ресурстардың пайдаланатын апаттық қалпына келтіру запасын «Метрополитен» КМК бекітілген нормативтерге сәйкес күтіп-ұстауды қамтамасыз ету​;
  3. Материалдарды, электрэнергиясын үнемдеу, негізгі құралдарды қолдану көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру​;
  4. Пайдаланудағы АББ құрылғыларының техникалық құжаттамасына өзгерістер енгізу және талдау​;
  5. Қызметтегі өнертапқыштық жұмысты ұйымдастыру​;
  6. Метрополитеннің жаңа бекеттерінде АББ жүйелерін пайдалануға енгізу бойынша құрылыстық-монтаждық және іске қосу-реттеу жұмыстарының жоспарларын орындауды бақылау​;
  7. Қызметтегі негізгі құралдарды күрделі жөндеу жоспарын қалыптастыру және оларды орындауды ұйымдастыру​;
  8. «Метрополитен» КМК бірлесіп кадрларды іріктеу және орналастыру, кәсіпорындағы кадрлық саясатты бекіту және қалыптастыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру​;
  9. Қызметте нормалауды ұйымдастыру және еңбекақыны төлеу бойынша жұмысқа қатысу​;
  10. АББ жүйелерін жаңарту және жөндеу бойынша іс-шараларды әзірлеу және орындау және оларды одан да тиімді қолдану​;
  11. Поездардың қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғау ережелерін  бұзған жағдайларды анықтаған кезде «Метрополитен» КМК бекіткен тәртіпте қатысу​;
  12. Ерекше кезең және төтенше жағдайлар кезінде мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс және басқа да іс-шараларды жүзеге асыру бойынша  ұсыныстарды дайындау​;
  13. «Метрополитен» КМК бекіткен құпиялық режимді, мемлекеттік және/немесе коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтері бар барлық жұмыстары кезінде ақпаратты техникалық қорғаныс бойынша іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты ұсыныстарды дайындауды қамтамасыз ету​;
  14. «Метрополитен» КМК бекіткен тәртіпте іс жүргізу және құжаттарды сақтау;
  15. Жұмыстағы жіберілген қателіктер және қызмет жұмысының қорытындысына уәждеме қорын қалыптастыру бойынша материалдық жауапкершілік ұсыныстарын дайындау​;
  16. Қызмет қажеттілігі үшін жеткізілетін өнімнің сапасы бойынша кәнәрат-талаптық жұмысты ұйымдастыру​;
  17. Ұжымдық шартпен, еңбек шарттарымен, келісімдермен қарастырылған ішкі еңбек тәртібінің ережелерін қадағалау​.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023