Ақпараттық технологиялар қызметі

Ақпараттық технологиялар қызметі «Метрополитен» КМК-нің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қызмет бастығы басқарады және «Метрополитен» КМК директорының пайдалану жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
Ақпараттық технологиялар қызметінің приоритеттік тапсырмасы серверлік және желілік жабдықтың жұмыс қабілеттігін қолдау, сондай-ақ метрополитеннің автоматтандырылған жүйесінің сүйемелдеуі болып табылады​: 
- метрополитенде жол төлемін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі​;
- диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесі​;
- қолжетімдіктерді басқаруды бақылау жүйесі​;
- телеқадағалау жүйесі​,
- өрттік белгі беруді қорғау жүйесі​;
- магистралдық ақпарат желісі және т.б.
  Қызмет жұмыскерлерінің қызмет көрсетуінде компьютерлік және алыстағы техниканың паркі, метрополитеннің серверлік және желілік жабдығы бар. Сондай-ақ ақпараттық технологиялар қызметінің жұмыскерлері метрополитен желісіне кіретін барлық программалық өнімдердің сенімді және үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді​.
 
Ақпараттық технологиялар қызметінің тапсырмалары​:
  1. Метрополитеннің ақпараттық жүйесін дамыту өзгеріп отыратын ішкі талаптарға, жаңа буындағы технологиялық  платформаларды енгізуге сәйкес​;
  2. Серверлердің, компьютерлік және алыстағы техниканың, активті және пассивті желілік жабдықтың жұмысында болатын ақауларды айқындау және шұғыл жою​.
  3. Заманауи ақпараттық технологияларды енгізу саласында облыстық  программаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу​;
  4. Объектінің ақпараттық желілерін қорғауды ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру​.
Ақпараттық технологиялар қызметінің міндеттері​:
  1. Қызмет жұмысының барлық түрлері бойынша ағымдағы және болашақтағы жоспарлары мен программаларын әзірлеу​;
  2. Ақпараттық технологиялар және оның құрамдас бөліктерінің жүйелерін сатып алу, әзірлеу, енгізу, жөндеу және алып жүру бойынша жұмыстардың орындалуын жоспарлау, ұйымдастыру және қамтамасыз ету​;
  3. Программалық жасақтардың модификацияланған және жаңа нұсқаларын қабылдауды, тестілеуді және енгізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру​;
  4. Серверлерді, операциялық жүйелерді, мәліметтер базаларын, сондай-ақ құрылымдалған кабельдік желіні және жұмыс станцияларын басқару​;
  5. Компьютерлік, алыстағы және желілік жабдықты жөндеуді және қызмет көрсетуді, жүйелік программалық жасақты орнатуды қамтамасыз ету​;
  6. Жүйелік программалық жасақты, мәліметтер базаларын және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді резервтік көшіру және шұғыл қалпына келтіру бойынша шараларды жүргізу​;
  7. Жергілікті және ғаламдық желілерге қолжетімдікті ұйымдастыру​;
  8. Желілік ресурстарды дұрыс қолдануға бақылауды жүзеге асыру​.
 
Ақпараттық технологиялар қызметінің ұйымдастырылған құрылымы​:
 
Ақпараттық технологиялар қызметі екі бөлімге бөлінеді: техникалық қамтамасыз ету бөлімі және жүйелік және программалық жасақ бөлімі​.
 
Техникалық қамтамасыз ету бөлімі келесілерді жүзеге асырады:
  1. Дербес компьютерлерді және программалық жасақты орнату мен техникалық қызмет көрсетуді қосқанда, техникалық қолдауды​;
  2. Компьютерлік жабдыққа қатысты  стандарттарды қадағалауды​;
  3. Конференциялар мен жиналыстардың аппараттық және техникалық ілеспесін​;
  4. Жалпы ұйымдастыратын ресурстар мен іс жүргізудің автоматтандырылған басқа жүйелерін жоспарлау программаларының инфрақұрылымын қолдауды​;
  5. Қолданбалы және серверлік мәліметтердің қауіпсіздігін және компьютерлерді зиянкес программалық жасақтан, хакерлерден және басқа қауіптерден қорғауды​.
 
Жүйелік және программалық жасақ бөлімі​:
  1. Серверлік және желілік жабдықты орнату мен техникалық қызмет көрсетуді қосқанда, техникалық қолдауды ұсынады​;
  2. Метрополитен жолаушыларына қауіпсіз және жайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін метрополитеннің автоматтандырылған жүйесі ілесіп жүреді​;
  3. Программалық жасақтың үзіліссіз қызмет істеуін бақылауды қамтамасыз етеді және жұмыс барысында туындаған ақауларды жою бойынша шұғыл шараларды қабылдайды​;
  4. Ұжымдық жұмыс үшін электрондық поштаның жұмысын және программалық жасақты реттейді​.

 

 

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016