Оқу орталығы

2011 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласы метрополитенінің 7 бекеті іске қосылды, ол Алматы қаласының орталық бөлігін магистральді көшелермен байланыстырады​.

Жұмыс барысында кәсіби кадрларды іріктеу проблемасы туындайды. Өкінішке орай, Қазақстандағы техникалық жоғарғы оқу орындардың бірде біреуінде метрополитенде жұмыс істейтін мамандарды оқытпайды. Жұмыс сапасын жақсарту үшін және әлемдік жоғарғы деңгейге шығу үшін «Метрополитен» КМК басшылығы «Алматыметроқұрылыс» АҚ бірлесіп электрдепо базасында оқу орталығын ашуды ұйғарды​.

Қазіргі уақытта біздің оқу орталығымызда «Метрополитен» КМК қызметкерлерін келесі мамандықтар бойынша дайындау, қайта дайындау және біліктілігін көтеру жүргізілуде: бақылаушы, оператор, метрополитенде жол төлемін бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің (ЖТБАЖ) аға операторы. Сондай-ақ оқу орталығында келесі мамандықтар бойынша пайдалану қызметтерінің жұмыскерлері сынақ мерзімінен өтеді: машинис, машинис көмекшісі, депо бойынша кезекші, метрополитен электрпоездарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша слесарь, эскалатор бойынша кезекші, жолаушыларға қызмет көрсету бойынша кезекші​.

Қазіргі кезде оқу орталығы «Метрополитен» КМК-ға 243 жұмыскер дайындады.

Жақын арада оқу орталығы келесідей ең қажетті жұмыс мамандықтары бойынша жұмыскерлерді дайындау курстарын ашуды жоспарлайды. электрпоезд машинисі, маневрлік қозғалыстағы электрпоезд машинисінің көмекшісі, доңғалақтар жұбын тесу станогының токарі, метрополитен электрпоездіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша слесарь, вагондар тексерушісі, эскалатор бойынша кезекші, поезд диспетчері, бекет кезекшісі, орталықтандыру-станциялық бекеттің кезекшісі, жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі, жол жөндеуші, жолды және жасанды құрылыстарды  қараушы, тоннель жұмысшысы​.

Біздің оқу орталығымызда қайта дайындықтан өткен барлық мамандар  келешекте метрополитенде жақсы жұмыс атқарады деп сенеміз​.

Қазақстанның техникалық жоғарғы оқу орындарында метрополитен жүйесінде жұмыс істеу үшін студенттерді оқыта бастаса екен деп қалаймыз​.

Қазір оқу орталығында темір жол көлік жүйесінде көп жылдар бойы қызмет еткен тәжірибелі оқытушылар қызмет істеуде. Ұстаздардың арынды жігерлерінің арқасында жас мамандар өздерінің кәсіби білімдерінің деңгейін ең жоғары кемеліне дейін көтеретініне сенімдіміз​.

Бүгінгі акциямен біз метрополитенде жұмыс істеу беделді болып келе жатқанын көрсеткіміз келеді, және Қазақстанның келешектегі жастары біздің қатарымызды едәуір кеңейтеді деп сенеміз​.

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016