«Алмалы» бекеті

«Алмалы» терең орналасқан бекет. Қарасай батыр және Панфилов көшелерінің қиылысқан жерінде тұр. Кіре-берістер мен шыға-берістер Панфилов көшесінің шығысына қарай, Қарасай батыр көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан. 
 
Терең орналасқан бекет (тереңдігі 30 м) пилонды тип жол аралығы 25 м. Үш залдан тұрады — орталық және екі бүйірлік, олар ені 19,8 м, ұзындығы 104 м жалпы островтық платформаны құрайды. Көтеру биіктігі 29,0 м, ұзындығы 58,0 м эскалаторлар бойынша (4 таспа) бекетке түсіру-көтеру.
 
Бекет қабырғалары суреті ұлттық ою-өрнекті бейнелейтін мәрмәр мозаикамен қапталған. Жарықтандыру көзі тоттанбаған болаттан жасалған карниздер үстінде орналасқан сәндік люстралар мен шамдар болып табылады. Өтетін жерлердің аркалары және плинтус — қоңыр түсті мәрмәр. Едендерге граниттік тақталар төселген. Платформаның шетжағында жасанды қара көлеңкесі бар суреттік-тақырыптық витраждық панно орналасқан.  Панноға ежелгі қаланың және гүлденген бақтың идеясы салынған. Композиция үш бөліктен тұрады: оң бөлігі — Алмалы ежелгі қаланың кескіндерімен бақтың гүлденуі. Сол бөлігі — керуен сұлбасы бар жемістердің пісуі. Орталық бөлігі — алма ағашы жемісі, жемістілік, тіршілік және аманшылық шежіресі символы ретінде​.
 
 
 
«Алмалы» бекетіне жақын орналасқан нысандар:
- Абай атындағы Опера және балет театры
-«Алма-Ата» қонақ үйі
- «Қазақстан Темір Жолы» кеңсесі
- Астана алаңы
- Т.К.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы
- Бас пошта кеңсесі
- «Столичный» дүкені

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016