«Абай» бекеті

«Абай» бекеті – терең орналасқан. Фурманов көшесі мен Абай даңғылы қиылысына жақын орналасқан. Кіре-берістер мен шыға-берістер Фурманов көшесінің шығысына қарай орналасқан, Төлебаев көшесімен Абай даңғылының солтүстік және оңтүстік жағынан қиылысқан.

Терең орналасқан бекет (тереңдігі 78 м) колонналық типтегі жол аралығы 18.1 м. Үш залдан тұрады — орталық және екі бүйірлік, олар ені 15,2 м, ұзындығы 104 м жалпы островтық платформаны құрайды. Көтеру биіктігі 46,0 м, ұзындығы 92,0 м эскалаторлар бойынша (4 таспа) бекетке түсіру-көтеру​.
 
Бекеттің сәулет-сурет шешімі заманауи стильде жасалған. Қабырғалары сарғыш және қоңыр түсті мәрмәрмен әрленген. Едендерге сұр-сарғыш және қоңыр түсті гранит төселген. Карниз тоттанбаған болаттан жасалған. Платформаның шет жағында суреттік панно рельеф қолада және «флорентиялық мозаика» орналасқан. Композиция заманауи стильде орындалған. Абай Құнанбаев бейнеленген қола рельеф, тас бетінде ойылған, онда Абай шығармасынан үзінділер жазылған​.
 
«Абай» бекетінен жақын орналасқан нысандар:
- Республика сарайы
- «Қазақстан» қонақ үйі
- «Арман» кинотеатры
- Көк-Төбе арқанды жолы
- "Француз үйі" дүкені
- Республика алаңы
- Лермонтов атындағы Драма театры
- Ұлттық кітапхана
- Университеттер: КИМЭП, UIB, Аграрлық, Тұран - «Кино және теледидар академиясы» университетінің факультеті
- Құрылыс және менеджмент колледжі
- Қалалық әкімдік​ ғимараты

 

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016