Бүгін метрополитенде 20-миллионыншы жолаушыны құттықтадық !

18 желтоқсан 2014 ж.
 
Алматы қаласының тұрғыны Анна Чебакова метрополитеннің 20-миллионыншы жолаушысы атанды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильин бойжеткенді құттықтап, метрополитенде тегін жол жүру 1 жылдық абонементін және плазмалық теледидарды сыйға тартты. 
     Метроны пайдалануға беру күнінен бастап жолаушылар  тасқынының тұрақты өрлеуі байқалады. Егер 2012 жылғы тәуліктік жолаушылар тасқыны тәулігіне 15-16 000 жолаушылардан тұрса, қазіргі уақытта метрополитен тәулігіне 24 - 25 000 жолаушыларды тасымалдайды. Сарапшылардың болжаулары бойынша жаңа «Сайран» және «Мәскеу» бекеттерін пайдалануға бергеннен кейін тәуліктік жолаушылар тасқыны екі есеге көбейеді. 

       

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022